Компания туралы – Sultan Marketing

Компания туралы

«Сұлтан Маркетинг» компаниясы 1996 жылы құрылған.


Біздің бас кеңсеміз Қазақстанның сауда-экономикалық аймағында -Алматы қаласында орналасқан. Біз «Сұлтан» сауда маркасының өнімдерін тарату және өткізумен айналысамыз.

Бүгінде «Сұлтан Маркетинг» компаниясының күшімен «Сұлтан» сауда маркасының өнімдері Қазақстан Республикасының бүкіл аймақтарында сәтті сатылуда. Бұл аптасына 20 000-нан астам тауар өткізу нүктелері бар деген сөз. Тауарды сақтау үшін біз жалпы ауданы 15 000 м2тек жабық қойма үй-жайларын пайдаланамыз.

МҰРАТЫМЫЗ, МИССИЯМЫЗ, МАҚСАТТАРЫМЫЗ


Біз халық құндылықтары мен мәдениетін құрметтейміз, бәсекеге қабілетті көшбасшы болуға, сондай-ақ лайықты отандық өнім жасап шығаруға ұмтыламыз.

Біздің миссиямыз –ұдайы даму және қазақстандық жұмыс күшінің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясын жасақтау және оны практикада қолдану.

Күн сайын жылдан жылға біз отандық өнімдерді өндіретін және өткізетін көшбасшы компания ретіндегі орнымызды нығайта түсудеміз.

Біздің мақсатымыз –тұтынушыларға жақын болу және оларға «Сұлтан» сауда маркасының мықты тұстарын паш ету.

«Сұлтан» компаниясының ұраны – «Жоғары сапа, сан алуан ассортимент және қолжетімді баға». Ол ДДСҰ стратегиясының мұратын айқындай түседі: пайдалы тамақ қолжетімді бағамен!

САПА САЯСАТЫ


  • Клиенттің талап-тілектері мен қажеттіліктерін дұрыс және байыпты қабылдау;
  • Өнімді қолданыстағы заңдардың талаптары аясында, мемлекеттік және шетелдік стандарттарға сәйкес өндіру;
  • Технологиялардың әлемдегі дамуын қадағалай отырып, өндірісте заманауи жабдықтарды қолдану;
  • Клиенттердің сұраныстарын жоғары деңгейде қамтамасыз ету;
  • Қызметкерлерді оқыту және ынталандыру арқылы өндіріс сапасын арттыруға қол жеткізу;
  • Мемлекеттің ішкі нарығында тұрақты көшбасшы болып қалу және шетелдік нарықта озық көшбасшы болуға ұмтылу.

Қосымша ақпарат

«Сұлтан» сауда маркасының барлық өнімдері Қазақстан Республикасының стандарттарына және халықаралық өнім сапасы стандарттарына сәйкес келеді.

Біз шешімдерді белсенді іздейтін және нәтижеге қол жеткізуге бағдарланған бастамашыл, уақытты бағалайтын, жігерлі және жауапты мамандарды үнемі іздеу үстіндеміз.

Адам ресурстары саласындағы саясатты жүзеге асыру жөніндегі барлық ішкі құжаттар, ережелер мен рәсімдер заманауи басқару әдістері мен құралдарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қатаң сәйкестікте жасақталып, орындалады.

Адам ресурстары саясатының мақсаты жұмысқа инновациялық шешімдерді ілгерілетуге бел шешіп кірісетін, сондай-ақ тез оқып-ұғып алуға және алынған білімді пайдалануға қабілетті қызметкерлерді қабылдау болып табылады.

«Сұлтан Маркетинг» адам ресурстары жұмысын бағалау жүйесі  –бұл:

  • Қызметкердің ұйымның мақсаттарына қол жеткізуге қосатын үлесі;
  • Жұмыстарды орындау кезіндегі жауапкершілік деңгейі;
  • Жетістік деңгейі және жеке өнімділік;
  • Инфляция көрсеткіштерін ескере отырып, жалақыны ұлғайту.

Біз кадр резервтерін ұдайы дамытуға және сыйақы берудің тиімді жүйесін құруға көп көңіл бөлеміз. Әр жеке қызметкердің өсуі мен қызметін қарастыра отырып, біз кадрларымызға қосымша білім береміз және жеке өсуіне қолдау көрсетеміз.

Қызметкерлердің ұжымшылдығын арттыру мақсатында «Сұлтан Маркетинг» компаниясының қызметкерлері жүйелі түрде корпоративтік шаралар жүргізеді:

  • Жаңа жылдық кештер;
  • Көктемгі табиғат жорықтары;
  • Ифтар;
  • Спорттық турнирлерге қатысу;
  • Қызметкерлерді туған күндерімен құттықтау.

«Сұлтан Маркетинг» барлық қызметкерлеріне түскі ас беріледі. Кеңсе қызметкерлерін таңғы және кешкі тасымалдау қызметі ұсынылады.

  • Қызметкерлердің жалпы саны: 257
  • Қызметкерлердің орташа саны: 30 жас
  • Қызметкерлердің орташа жұмыс өтілі: 5 жыл
  • Қызметкерлердің ең үлкен жұмыс өтілі: 20 жылдан астам
  • Әйел қызметкерлер саны: 108
  • Ер қызметкерлер саны: 149