Экспорт саясаты – Sultan Marketing

Экспорт саясаты


«Сұлтан» маркасының өнімі қазіргі таңдағы ең үздік болып саналатын әлемдік технология бойынша бидайдың қатты сұрыптарынан (дурум) және ұнтақ жармадан жасалған. Біз тұтынушыларға Қазақстан мен көршілес мемлекеттердің тұтынушыларының арасында олардың көңілін жаулап алған ең жоғары сапалы экологиялық таза өнімді ұсынамыз. Тамаша шикізат пен үздік заманауи технологиялар жоғары сапалы бәсекеге қабілетті өнім өндірісін қамтамасыз етеді.

«Сұлтан Маркетинг» компаниясы Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь Республикасы, Ауғанстан, Монғолия мен Қытайды қосқанда көптеген шетел мемлекеттерімен тығыз экспорттық байланыстар орнатқан, бұл «Сұлтан» ТМ халықаралық нарықтағы сұранысқа ие екенін және сапасын растай түсері сөзсіз.  

Біз әрдайым тағам өнімдерін импорттаушы компаниялармен жаңа байланыстар орнатуға және олармен ашық диалогқа әзірміз. Бізбен байланысу үшін өзіңізге ыңғайлы тәсілді таңдап алыңыз.

 E-mail: export@sultanmarketing.kz