Ташкентте 2019 жылдың 13 наурызында Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы өтті
Форум жұмысына екі елдің іскер орталарының, ұлттық компаниялары мен мемлекеттік органдарының 200-ден астам өкілі қатысты, арасында біздің «Сұлтан Маркетинг» компаниямыз да бар.
Форумның негізгі бағыты ретінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту айқындалған.
Сонымен қатар отырыс барысында біз «Сұлтан» ТМ өнімдерін таныстырып, компанияның мүмкіндіктерін, өнімдерінің көлемі мен экспорттық әлеуетін баршаға жария еттік.
Бизнес-форумда біз компания және өзбек кәсіпкерлері арасында B2B форматындағы екіжақты кездесулерді жүргізіп, келешектегі ынтымақтастық мәселелерін талқыладық. Форум ұйымдастырушылары: Қазақстан СІМ, «Атамекен» ҚР ҰКП, Қазақстан Сыртқы сауда палатасы және Өзбекстанның сауда-өнеркәсіптік палатасы.